21,7 млн тоннадан астам астық бастырылды – Қарашөкеев

16 Қазан 2022, 14:53
1118
Бөлісу:
21,7 млн тоннадан астам астық бастырылды – Қарашөкеев

Бүгін еліміз ерекше мереке - Нан күнін атап өтіп жатыр. Астық өсіретін біздің республикамыз үшін бұл мереке өте маңызды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаппай егін жинау аяқталуына орай шаруаларға құттықтау хатын жолдаған Қазақстан Президентінің атынан және өз атымнан барлық қазақстандық бидай өсірушілердің, ұн тартушылар мен наубайшылардың, сондай-ақ нан өндіруге қатысқандардың еңбегін атап өткім келеді. ​Біз биылғы мерекеге тамаша көрсеткіштермен келіп отырмыз, себебі мақтануға болатын жетістіктеріміз бар. Саладағы қиындықтарға қарамастан астықты жинадық және ол барлық жоспарланған көрсеткіштерден асып кеттік, - деп жазды министр.

Егер бұған дейін 19,5 млн тонна бункерлік салмақта астық жиналады деп болжанған болса,  бүгінде 21,7 млн тоннадан астам астық бастырылды. 

Сонымен қатар, 16,3 млн тоннадан астам бидай жиналды, алайда ол бункерлік салмақта 14,1 млн тонна деңгейінде жиналады деп болжанған еді.  Мұның бәрі біздің дихандардың  қажымас еңбегіңіздің арқасында жеткен жетістігіміз.  ​Бүгінгі таңда  Қазақстанның астықпен тек біздің нарықты ғана емес, сыртқы нарықтарды қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Біз оны бірқатар бәсекелестік артықшылықтары бар шетелге сатамыз. ​Барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге табысты еңбегі үшін тағы да алғыс айтқым келеді. Еліміздің игілігі мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сіздердің істеп жатқан еңбектеріңіз зор.  Әр шаңырақта әрқашан нан болсын! Мереке құтты болсын, әріптестер, - деді Қарашөкеев.

Өзгелердің жаңалығы