21 жастағы жігіт балаға көмектесемін деп оққа ұшты

11 Қаңтар 2022, 18:35
3393
Бөлісу:
21 жастағы жігіт балаға көмектесемін деп оққа ұшты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласында болған тәртіпсіздік кезінде Астана медицина университетінің 5 курс студенті Әмір Сағындықов оққа ұшты. Үйінен дүкенге шыққан 21 жастағы жігіт ес-түссіз жатқан балаға көмектескен кезінде жарақаттанған. Бұл туралы Қазақстан студенттері Альянсының төрағасы Ілияс Түстікбаев хабарлады.

Қазіргі таңда Әмір өз-өзіне келген. Жағдайы бір қалыпты, медициналық көмек көрсетіліп, ауруханадан шығарылды. Бұл оқиға да ең қызық жері бар… Әмір жарақатты 5 қаңтар күні дүкенге нан алуға шыққанда алған. Дүкен жабық екенін көріп, қайтар жолда ес-түссіз жатқан балаға көмек сұрағандарға барады. Медицина мамандығының студенті болғандықтан көмек көрсетеді, балада пульс болмаған соң жүрекке қолмен массаж жасаған. Осы сәтте белгісіз жақтан, белгісіз адамнан атқан оқ аяққа тиеді. Әмірдің әкесі осы кезде келіп баланы ауруханаға жеткізді, – дейді ол.

Осы сәтті пайдаланып Қазақстан студенттері Альянсының төрағасы жастарды үйден шықпауға шақырды.

21 жастағы жігіт балаға көмектесемін деп оққа ұшты

Құрметті студенттер, жастар! Біздің жанымыз ашып, үйде отырыңдар деген сөздер бос еместігіне тағы куә болып отырсыздар. Араңдатуға ермей, тәртіпсіздікке қатыспау керек. Әмір тәртіпсіздіктің құрбаны ғана емес, осы қиын-қыстау сәтте адамдарға көмек қолын созған азамат, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы