21 қаңтарда келген екі жолаушыдан КВИ анықталды

23 Қаңтар 2021, 12:24
1238
Бөлісу:
21 қаңтарда келген екі жолаушыдан КВИ анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 22 қаңтарында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты.

2021 жылғы 22 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді. 

1 944 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 604 адам, анықтамасыз 340 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 688 жолаушы, анықтамамен - 596; анықтамасыз - 72;

- Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 084 жолаушы, анықтамамен - 865, анықтамасыз - 219; 

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 46 жолаушы анықтамамен келді;

- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы, анықтамамен - 97, анықтамасыз - 49. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері бойынша 2 жолаушыдан КВИ анықталған.

2021 жылдың 21 қаңтарында анықтамасыз келген 417 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, екінші жолаушы Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген, - дейді комитет.


Өзгелердің жаңалығы