2040 жылдарға қарай Қазақстанда су тапшылығы бола ма?

7 Сәуір 2025, 18:00
2120
Бөлісу:
2040 жылдарға қарай Қазақстанда су тапшылығы бола ма?
Фото: BAQ.KZ

"Желмая" жобасында жаңа Су кодексі, су тасқынын алдын алу шаралары және су тапшылығы мәселесі жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Былтыр 10 облысты су басып, біраз азамат жиған-тергенінен айырылды, елді үлкен экономикалық шығына батырды.  Биыл да апаттың қайталануы мүмкін екені айтылған. Су басқан елдімекендер бар ма биыл? Су қоймаларының, бөгендердің жағдайы қалай? 

2022 жылы ел Президенті жаңа Су кодексін әзірлеуді тапсырған еді. Араға 2 жыл салып, жаңа кодекс кеше Президентке қол қоюға жіберілді. Жаңа заң суды пайдалануға қатысты барлық тетіктерді реттейді ме? Қандай мәселелер қамтылған

Әлемдік Worldometers анықтамалық сайтының мәліметінше, Қазақстан жан басына шаққандағы суды тұтыну бойынша 179 елдің ішінде 11-орында. Республика бойынша тәуліктік норма 3,5 мың литр. Салыстыру үшін Ресейде бұл көрсеткіш үш есе аз - бір адамға 1,3 мың литр, Германияда - 855 литр, ал Ұлыбританияда - небәрі 348 литр. Ал көш басында Орталық Азия елдері. Жаңа су кодексіне суды үнемдеуге қатысты қандай нормалар енді?  

2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін деген болжам бар. Таза ауыз судың көлемі 50 пайызға азаяды депті зерттеулер. Мұндай апаттың алдын алуға бола ма? Жаңадан құрылған министрлік осы бағытта қандай шаралар атқарып жатыр?

Жаңа кодекс жер үсті және жерасты су ресурстарын кешенді пайдалануды қалай реттейді?

Елдегі ірі су қоймаларының бәрі 20-ғасырдың екінші жартысында салынған. Мәселен ең үлкен Бұқтырма 1967 жылы, Қапшағай 1970, Шардара 1968, СҚО дағы Сергеев те 1970 жылы пайдалануға берілген. Қаратомыр, Самарқан тағы басқаларын айта беруге болады. 2017 жылы Ауыл шаруашылығына қарасты Су ресурстары комитеті «Адам өміріне қауіпті 9 су қоймасы бар» деп хабарлаған екен. Қазіргі таңда бұл санатқа жататын қанша қойма бар? Жаңа қоймалар салу ісі қалай жүріп жатыр?

Былтыр Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі су көбейіп жатыр деген ақпарат шықты. Қазіргі ахуал қандай? Жалпы теңіздің қалдығын сақтап қалу үшін мемлекет қаншалықты күш салып жатыр? Министрліктің нақты жоспары бар ма? Жалпы сақтап қалу мүмкін бе? 

Осы және өзге де сұрақтарға Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров жауап берді.

Айта кетейік, "Желмая" жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады.

Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы