Бұл туралы Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Дания Еспаева, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еңбек нарығын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасында жаңа сапалы жұмыс орындарын құрудың сипаттамалары айқындалған, сондай-ақ 2030 жылға қарай 3,8 млн жаңа жұмыс орнын құру бойынша батыл мақсат қойылды. Сонымен қатар мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасы аудитінің қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның бағалауына сәйкес, түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында құрылатын жұмыс орындарының көбісі уақытша болып табылатыны анықталды, - дейді депутат.
Мысалы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында ашылған 1,5 мың жұмыс орнының 90 пайызы уақытша, ал «2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту» жобасы бойынша 67 мың жұмыс орнының 81 пайызы маусымдық.
Тұтастай алғанда, жаңа жұмыс орындарының 87%-ы негізінен төмен және орташа өнім беретін секторларда құрылады әрі олар да уақытша сипатқа ие. Сонымен бірге, өзіміз көріп отырғанымыздай, Қазақстанда бейресми экономиканың жоғары үлесі және халықтың мемлекеттік қолдауға тәуелділігінің өсуі сақталып отыр, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.