2030 жылға дейін сұраныста болатын ТОП-25 кәсіп анықталды

29 Желтоқсан 2022, 12:25
1105
Бөлісу:
2030 жылға дейін сұраныста болатын ТОП-25 кәсіп анықталды

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ дайындаған 2023-2030 жылдарға арналған кадрларға қажеттіліктің орта мерзімді болжамы негізінде сарапшылар таяу жылдары неғұрлым талап етілетін қызметтердің ТОП-25 тобын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ең «қажет» – орта мектеп мұғалімдері, бухгалтерлер, күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер, дүкен сатушылары және олардың көмекшілері болды.

ЕРДО талдаушылары Ұлттық қызметтер жіктеуішінің ең толық деңгейінде ТОП кәсіптерді анықтады. Ол келесідей:

1. Бухгалтерлер – 92 мың адам;

2. Күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер – 77,8 мың адам;

3. Дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері – 70,2 мың адам;

4. Әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері – 45,2 мың адам;

5. Автокөлік жүргізушілері мен шопырлар – 45,1 мың адам;

6. Күтім бойынша орташа медициналық персонал – 40 мың адам;

7. Жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері – 37,9 мың адам;

8. Мектепке дейінгі білім беретін тәрбиешілер – 36,1 мың адам;

9. Қонақүйлер мен осыған ұқсас мекемелердегі тазалаушылар мен қызметшілер – 34,6 мың адам;

10. Бастауыш сынып мұғалімдері – 32,3 мың адам;

11. Кеңселердегі тазалаушылар – 25,3 мың адам;

12. Шаштараздар – 24,6 мың адам;

13. Орта мектеп мұғалімдері – 23,2 мың адам;

14. Кеңсе қызметкерлері (жалпы бейіні) – 22,1 мың адам;

15. Көшелер мен базарлардағы саудагерлер – 21,7 мың адам;

16. Ғимараттарды қараушылар және күзетшілер – 20,6 мың адам;

17. Аспаздар – 20,5 мың адам;

18. Басқа біліктілігі жоқ жұмысшылар – 20,2 мың адам;

19. Аралас өнім өндіретін фермерлер мен жұмысшылар – 19,8 мың адам;

20. Дәстүрлі тәсілмен көкөніс өсіретін фермерлер мен жұмысшылар – 19,6 мың адам;

21. Жүк көлігінің жүргізушілері – 17,8 мың адам;

22. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар – 16,6 мың адам;

23. Аула сыпырушылар және ашық аумақтарды тазалаушылар – 16,5 мың адам;

24. Жылжымайтын мүлікпен және басқа да мүлікпен операциялар жөніндегі агенттер – 16,2 мың адам;

25. Штаттағы заңгерлер – 15,2 мың адам.

«Егер жиынтық көрсеткішке қарасақ, білім беру саласындағы кәсіби мамандар – барлық қажеттіліктің 12,5%, жылжымалы жабдықтың жүргізушілері мен операторлары – 8,2%, бизнес және әкімшілендіру саласындағы кәсіби мамандар – 6,8%, азаматтар мен меншікті қорғауды жүзеге асыратын қызметтердің қызметкерлері – 5,3%, тазалаушылар мен қызметшілер – 5,1% сұранысқа көп ие болатынын атап өтуге болады», – деді ЕРДО Болжау департаменті директорының орынбасары Қайырбек Аяшев.

Ең аз қажеттілік «Әкімшілік саласындағы басқа қызметкерлер», «Жеке тұтыну үшін өнім өндіретін ауыл шаруашылығы, балық аулау және балық өсіру шаруашылығы фермерлері», «Қолөнершілер, дәл құралдар, полиграфия және картография бойынша жұмысшылар», «Өнімді жинаушылар мен сынаушылар» және «Аңшылар мен орман және балық өнімдері өндірісінің жұмысшылары» топтарында күтіледі. Болжам бойынша, жоғарыда аталған барлық мамандарға сұраныс 2030 жылға дейін шамамен 10,5 мың адамды құрайды.

Өзгелердің жаңалығы