2028 жылғы Олимпиада ойындарына спорттың бес түрі енгізілді

17 Қазан 2023, 03:18
750
Бөлісу:
2028 жылғы Олимпиада ойындарына спорттың бес түрі енгізілді
Фото: baq.kz

 2028 жылғы Олимпиада ойындарына спорттың бес түрі енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Лос-Анджелесте болатын төрт жылдықтың бас бәсекесінде атлеттер жалаулы футбол, крикет, лакросс, сквош және бейсбол софтболдан бақ сынайды. Бұл туралы Мумбайда өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысында белгілі болды. Ереже бойынша Олимпиаданы қабылдаушы ел өзінің бірнеше спорт түрін қосуды сұрай алады. Бұған дейін крикет тек 1900 жылғы ойында ғана болған. Бір ғасырдан астам уақыттан кейін Олимпиадаға қайта енгізілді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жаңалық – азиялық спорт жанкүйерлерін қуантары сөзсіз. 

 Ойын T20 форматында ойналады. Бес адамнан тұратын командалар ойнайтын жалаулы-футбол 1932 жылы дәл осы Лос-Анджелестегі жарыста болған. Ал, бейсбол бірнеше ойынның бағдарламасында болды. Соңғысы Токиодағы жарыста. Лакросс болса, 1904 және 1908 жылдардағы ғана енген.

Өзгелердің жаңалығы