Қазақстанның соңғы жаңалықтары

2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға өседі

Бүгiн, 12:49
571
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте 2026 жылы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өсетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәлімдеуінше, бұл мақсатқа бюджеттен 636 млрд теңге қарастырылған.

Журналистердің сұрағына жауап берген вице-премьер Үкімет саясатының басты басымдығы қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру екенін атап өтті.

2025 жылы әлеуметтік бюджет көлемі шамамен 6 трлн теңге болды. Ал келесі жылға біз 6,8 трлн теңге көлемінде әлеуметтік бюджет қарастырып отырмыз. Бұл – биылғы жылмен салыстырғанда 887 млрд теңгеге артық. Бұл қандай қаражат? Зейнетақылар мен жәрдемақылар 10 пайызға ұлғаяды (салыстыру үшін: 2025 жылы өсім 8,5 пайыз болған). 2026 жылғы бюджетте тек зейнетақы мен жәрдемақыны арттырудың өзіне 636 млрд теңге қарастырылған, – деді Серік Жұманғарин.

Еске салайық, бұған дейін Серік Жұманғарин ҚҚС өсуі баспана бағасына әсер етпейтінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы