2026 жылы Әуезов атындағы ұлттық театрдың 100 жылдығын тойлаймыз

20 Қаңтар 2023, 11:52
735
Бөлісу:
2026 жылы Әуезов атындағы ұлттық театрдың 100 жылдығын тойлаймыз

2026 жылы Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығын тойлаймыз. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақ мәдениетінің қарашаңырағы саналатын өнер ордаларына халықтың қолжетімділігін арттыру қажет. Министрлік бірегей өнер ордасы – театр ғимараттарын салу мен оларды қалпына келтіру мәселесіне де айрықша мән береді, - деді Асхат Оралов.

Министрдің айтуынша, кейінгі жылдары Қ. Қуанышбаев атындағы театрдың жаңа ғимараты салынды. Түркістанда жаңа музыкалық драма театрының ғимараты бой көтерді.

Сондай-ақ былтыр Петропавлда С. Мұқанов атындағы қазақ музыка драма театрының жаңа ғимараты ашылды. Бұл өнер ордасы тәуелсіздік жылдарында осы өңірде салынған алғашқы театр екенін ерекше атап өткен жөн. Үш жылдан кейін, яғни 2026 жылы М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығын атап өтеміз. Осыған байланысты сахна өнерінің қарашаңырағын қалпына келтіру жұмысын 2025 жылға дейін бітіруді жоспарлап отырмыз, - деп түсіндірді министр кеңейтілген отырыста.

Оралов еліміздің бірқатар мәдени ошағындағы құрылыс, қалпына келтіру жұмыстарын басты назарда ұстау қажеттігін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы