2025 жылға қарай қалада тұратын қазақстандықтардың саны артады

27 Сәуір 2022, 11:38
1278
Бөлісу:
2025 жылға қарай қалада тұратын қазақстандықтардың саны артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан QazUrban Forum форумында «TALAP қолданбалы зерттеулер орталығы» қорының директоры Рахым Ошақбаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, ауылдық елді мекендерден қала орталықтарына үдере көшкен халық саны артқан. 

Қазір елімізде бірінші деңгейлі 4 қала, облыстық маңызы бар 16 қала, үшінші деңгейлі моно және шағын 69 қала бар. Сондай-ақ ауыл мен кенттердің саны 6,5 мың. Ал урбандалу деңгейі 59%-ды көрсетіп отыр. 2025 жылға қарай 65%-ға жетеді деп болжанып отыр. ТМД-ның, әсіресе Еуропа бөлігінде орналасқан мемлекеттерімен салыстырғанда Қазақстанда урбандалу деңгейі төмен екенін айта кеткен жөн, - деді Рахым Ошақбаев. 

Салыстыру үшін айтар болсақ, бұл көрсеткіш Украинадa – 70%, Ресейде – 75%, АҚШ пен Кореяда – 83%-ға тең. 

Әрі қарай республикамызда қалаға үдере көшу деңгейі сәнге айналады. Қазіргі сәтте негізгі өсім 3 ірі қалаға тиесілі. 2025 жылға қарай Нұр-Сұлтанда -1,4 млн адамға, Алматыда – 2,2 млн адам, Шымкентте – 1,2 млн адамға артады деп жорамалданды. Жыл сайын елорда халқының саны 50 мыңнан астам, оңтүстік астанада 60 мыңнан астам, Шымкентте 35 мыңнан астам адамға көбейіп келеді, - деді қор директоры. 

Өзгелердің жаңалығы