2025 жылға қарай 2 млрд ағаш отырғызылады – Тоқаев

13 Қазан 2021, 17:48
6005
Бөлісу:
2025 жылға қарай 2 млрд ағаш отырғызылады – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияда айтты.

Көмірсутекті бейтараптыққа жетуде орман алқаптарын көбейту маңызды рөл ойнайды. Қазақстан орман алқабы аз мемлекетке жатады. Орман қорының көлемі 30 млн гектарды немесе аумақтиың 11 пайызын құрайды. Биыл елді жасыл желектендіру бойынша ауқымды жоба басталды. 2025 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызылады, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы атағандай, бұл халықаралық резонансқа ие болатын ұлттық ауқымдағы жоба болады.

Бұл міндет - өте өзекті. Сондықтан көзбояушылық пен есептіліксіз жүзеге асырылуы керек. Сондай-ақ Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызу бағдарламасы да бар. 1,5 млн гектар жерді 2025 жылға дейін қамту жоспарланған. Оны өзбек достарымсызбен жүзеге асырамыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы