2025 жылға дейін Нью-Йорк пен Жапонияға тікелей әуе рейсі ашылады

30 Мамыр 2023, 10:30
901
Бөлісу:
2025 жылға дейін Нью-Йорк пен Жапонияға тікелей әуе рейсі ашылады
Фото: Артём Чурсинов

Биыл жылдың соңына дейін 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады. Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабев осылай деп мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Халықаралық жолаушылар авиатасымалдарын дамыту үшін 2017 жылдан бастап «open sky» режимі енгізілді, нәтижесінде жыл сайын жаңа халықаралық маршруттар ашылуда. Бүгінгі күні 27 елге 103 авиамаршрут бойынша халықаралық тасымалдарды 3 отандық, 26 шетелдік авиакомпания орындайды, бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштерден жоғары, - деді министр.

Олар:

- ТМД-ның 8 еліне 46 бағыт бойынша;
- Таяу Шығыстың 7 еліне 34 бағыт бойынша;
- Оңтүстік-Шығыс Азияның 7 еліне 16 бағыт бойынша;
- Еуропаның 5 еліне 7 бағыт бойынша.

Министрдің айтуынша, осы жылы 18 жаңа маршрут ашу жоспарланып отыр, оның 9-ы ашылды.

Жаңартылған маршруттар:

Астана – Пекин («Эйр Астана»), 
Алматы – Самарқанд («Fly Arystan»), 
Астана – Баку («AZAL»), 
Астана – Үрімші, Алматы – Сиань («China Southern Airlines») 
мына маршруттар ашылды:
Алматы – Шарм-эль-Шейх («Air Cairo»),
Астана – Шарм-эль-Шейх («Air Cairo»-2, «Red Sea»-2), 
Астана – Сиань – Пекин («Air China»), 
Шымкент – Дели («Fly Arystan»).

Жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады деп жоспарлап отырмыз. 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға рейстерді ашуды жоспарлап отырмыз, - деп мәлімдеді Қарабаев. 
 

Өзгелердің жаңалығы