2024 жылы елордада 300 мыңға жуық тұрғын газбен қамтамасыз етіледі

26 Желтоқсан 2022, 20:50
944
Бөлісу:
2024 жылы елордада 300 мыңға жуық тұрғын газбен қамтамасыз етіледі

Бұл туралы Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Елорданы газдандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» атты брифингте  Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков айтты, деп хабарлады BAQ.KZ.

Биыл қаланы газдандыру бойынша екінші кезең жұмыстары жалғастырылды. Ұзындығы 103 шақырым болатын «газ сақинасының» құрылысы жүргізілуде. Бұл жоғары қысым бойынша үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы жоба аясында «Тұран», «Тельман», «Қала маңы», «Family Village», «Garden Village», «Өндіріс» аудандық қазандықтарға газ жеткізу желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осылайша, 2024 жылы 300 мыңға жуық адам газға қолжетімділікпен қамтамасыз етілетін болады,- деді Нұрлан Солтамбеков.

Астана қаласы әкімінің орынбасары  өз баяндамасында ақпан айында «Ильинка», «Өндіріс», «Пригородный», «Шұбар», «Тельман» тұрғын алаптарының газ тарату желілері бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы