2023 жылы қазақстандықтар 120 күн демалады

27 Желтоқсан 2022, 10:41
2489
Бөлісу:
2023 жылы қазақстандықтар 120 күн демалады

Алдағы жылы бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар 245 жұмыс күнін өткізсе, 120 күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ

Жылдағы дәстүр бойынша желтоқсан айы Қазақстанда ең көп демалыс күндерімен мақтана алатын еді. Алайда, биыл ол мәртебесінен айырылды. 2023 жылы демалыс күндерінің көпшілігі қаңтар және наурыз айларында күтіледі. Қазақстандықтар бұл айлардың әрқайсысында 12 күннен демалады. Ал ең аз демалыс күндері ақпан мен қарашада  – әрқайсысы 8 күннен.

Ең ұзақ демалыс күндері болады:

Жаңа жылға 3 қаңтарда - 1, 2 және 3 қаңтар;
наурызда Наурыз мерекесіне 3 күн – 21, 22 және 23 наурыз;
сәуір-мамыр айларында Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн – 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне байланысты 4 күн – 6, 7, 8 және 9 мамыр;
шілдеде жұмыс күнінің сенбі, 1 шілдеден жұмаға ауыстырылуына байланысты 4 күн демалыс болады;
Желтоқсанда Тәуелсіздік күніне байланысты 3 күн демалыс бар - 16, 17 және 18 желтоқсан, өйткені 16 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді.

Алдағы жылы Рождество қосымша демалыс күндерін бермейді, өйткені ол сенбі - 7 қаңтарға сәйкес келеді. Діни мереке сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, демалыс күні ауыстырылмайды.

2023 жылы Құрбан айт 28 маусым сәрсенбіге келеді.

Өзгелердің жаңалығы