2023 жылғы сайлау ерекшеліктері

27 Ақпан 2023, 19:18
2386
Бөлісу:
2023 жылғы сайлау ерекшеліктері
Фото: ҚЗСИ

2023 жылғы 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Қазіргі сайлаудың басты ерекшелігі – аралас сайлау жүйесі бойынша өткізу және ұйымдастыру. Бұл туралы ҚР Президенті жанындаңы ҚСЗИ Электоралды үдерістерді зерттеу бөлімі жетекшісінің м.а. Жанар Санхаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді аралас жүйе бойынша мәжіліс те, барлық деңгейдегі мәслихаттар да құрылатын болады. Парламенттің төменгі палатасына депутаттардың 70%-ы партиялық тізімдер бойынша, ал 30%-ы мажоритарлық жүйе бойынша сайланады.

Облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының мәслихаттары 50 де 50 қатынасы бойынша құрылатын болады. Ал аудандық мәслихаттардың құрамы өз кезегінде бір мандатты депутаттардан тұратын болады.

Жаңартылған сайлау жүйесі бойынша сайлаудан басқа, ағымдағы науқан Парламенттің болашақ құрамының қалыптасуына айтарлықтай әсер ететін бірқатар қосымша мүмкіндіктерді қамтиды, - деді ол.

2023 жылғы сайлау ерекшеліктері

Біріншіден, бұл 7%-дан 5%-ға дейін төмендетілген сайлау шегі. Бұл шарт барлық саяси партиялардың парламенттің төменгі палатасына, оның ішінде жаңа партияларға өту мүмкіндігін теңестіреді.

Екіншіден, Парламенттің жаңа құрамын қалыптастыруға әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квотаның жаңартылған нұсқасы да әсер етеді. Бұл жолы оған мүгедектігі бар адамдар да кіреді. Бұл квоталау Мәжілістегі орындарды бөлу кезінде де ескерілетін болады.

Үшіншіден, Парламенттегі орындарға 7 саяси партия таласады. Айта кетейік, олардың екеуі жаңа партия. Бұл саяси партияларды тіркеудің жаңа ережелерінің арқасында іске асты.

Осылайша, барлық анықталған факторлар электораттың сайлау науқанына қатысуға жағдай жасап, сайлау процесі кезінде азаматтардың саяси белсенділігінің өсуіне ықпал етеді, - деді  ҚР Президенті жанындаңы ҚСЗИ Электоралды үдерістерді зерттеу бөлімі жетекшісінің м.а. Жанар Санхаева.

Өзгелердің жаңалығы