2023 жылдан бастап студенттерге 2-3 пайызбен кредит беріледі - министр

1 Қараша 2022, 15:42
3476
Бөлісу:
2023 жылдан бастап студенттерге 2-3 пайызбен кредит беріледі - министр

2023 жылдан бастап студенттер оқу ақысын төлеу үшін банктерден 2-3 пайызбен кредит рәсімдей алады. Үкімет кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысынан соң журналистер білім министрінен оқу ақысын төлеуге 2-3 пайыздық кредит қашан берілетінін сұрады.

Келесі жылдан басталады. Біз бұрын болған қаржыландыру және кредит алу моделін мұқият қарастырып жатырмыз. Несиені екінші деңгейлі банктер береді. Студент өз атына 2-3 пайызбен кредит рәсімдей алады, - деп жауап берді Саясат Нұрбек.

Университетті басқару үшін сингапурлық тәжірибе қолданылатынын айтқан еді.

Бұл бағыт аясында Ректорлар кеңесінің жұмысын жаңа тұрғыдан жандандыруды қарастырудамыз. Менеджерлердің (ректорлық корпустың) жаңа буынын қалыптастыру Сингапурлық талант-менеджмент (talent management)  үлгісінде жүзеге асыру жоспарлануда. Жұмыс берушілердің, бизнес-құрылымдар, кәсіптік және қоғамдық бірлестіктер, өңірлік әкімдіктер өкілдерін корпоративтік басқаруға кеңінен тарту жұмысы да жалғасын табады, - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысында. 

Өзгелердің жаңалығы