2023 жыл «Ислам және ізгі қоғам» деп жарияланды

26 Қаңтар 2023, 12:22
2132
Бөлісу:
2023 жыл «Ислам және ізгі қоғам» деп жарияланды
Фото: автордан

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» деп жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен төралқа мәжілісі өтті.

Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі күллі дін қызметкеріне арналған бағдарлық баяндамасын жолдады. 

Діни саладағы басым бағыттарды айқындайтын аталған құжат жұмысымызды жандандыруға серпін береді деп сенемін. Біздің қоғам алдындағы басты міндетіміз – жұртымызды жақсылыққа үндеп, жамандықтан қайтару, ізгі қоғам құруға қадам жасау екені белгілі. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» деп жариялады, - деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Биыл мүфтият діни шараларды жаңғырту, жұмысты одан ары жүйелеу мақсатында бес бағытқа басымдық беретін болды. 

Олар мыналар:

- дін мен дәстүр; 

- ізгі қоғам; 

- ихсан және насихат; 

- діни оқу-ағарту;

- жат діни ағымдардан сақтандыру.

Өзгелердің жаңалығы