2022 жылы университет түлектерінің 67%-ы тұрақты жұмыс тапқан

25 Қаңтар 2023, 12:37
1045
Бөлісу:
2022 жылы университет түлектерінің 67%-ы тұрақты жұмыс тапқан

2022 жылы университет түлектерінің 67%-ы тұрақты жұмыс тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.

Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова университет түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәліметті жариялады.

Сөзінше, былтыр студенттердің 67 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан.

2022 жылы түлектердің 67%-ы тұрақты жұмыспен қамтылды. Түлектердің жұмысқа орналасуының орташа саны – 79%. Ал жұмыс іздеудің орташа ұзақтығы – 97 күн, яғни 3 айға дейін. Ал сұранысқа ие білім беру бағдарламалары бойынша 1 ай ішінде жұмысқа орналасады, - деп атап өтті Гүлзат Көбенова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі білім беру бағдарламалары 19 критерий бойынша бағаланғанын айтып, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігі туралы сөз қозғаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы