2022 жылы өңірлерге республикалық бюджеттен қанша теңге бөлінеді?

24 Тамыз 2021, 10:31
14844
Бөлісу:
2022 жылы өңірлерге республикалық бюджеттен қанша теңге бөлінеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен қанша теңге бөлінетінін айтты.

Қаржы министрі экономиканың нақты секторын дамытуды қолдауға 2022 жылға 2 трлн теңге бөлінетінін айтты.
Бұл қаражат шеңберінде «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Бизнестің жол картасы – 2025», индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламалары мен басқа да бағдарламаларды іске асыру жалғасады, - дейді Жамаубаев.

Оның сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі өзгерістерді, сондай-ақ Жалпыұлттық басымдықтарды ескере отырып, қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр.

2022 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 4,5 трлн теңге бөлінеді, бұл жалпы бюджет шығыстарының 28,3%-ын құрайды. Оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттері түрінде 1,8 трлн теңге, даму трансферттері түрінде 630 млрд теңге көзделді, - деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев.

2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы Премьер-министр кеңсесімен бірлесе отырып, Парламент Мәжілісінің қарауына енгізуге дайындалады.


Өзгелердің жаңалығы