2022 жылы елордада 25 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

13 Қаңтар 2023, 12:05
1556
Бөлісу:
2022 жылы елордада 25 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Астана қаласының Кәсіподақтар орталығы мен салалық кәсіподақтар филиалдарының өзара ынтымақтастығы мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға ерікті ниет білдірген мекеме-кәсіпорындар қатары артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған Әлеуметтік әріптестік жылы аясында Астана қаласында 25 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды. 

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының филиалы – 15,  «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы және Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының  филиалдары – 3, «YNTYMAQ» қазақстандық кәсіпкерлік қызметкерлері салалық кәсіподағының филиалы – 2, Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлері салалық кәсіподағы мен Теміржолшылар кәсіподағының «Астана» филиалдары 1 бастауыш кәсіподақ ұйымын құрды, - делінген хабарламада.

2021 жылы елорда аумағында 22 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылған болатын. 

Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Өзгелердің жаңалығы