Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Барыс жылы бүкіл әлем үшін маңызды оқиғаларға толы болғалы тұр. Биылға жоспарланған ауқымды шаралар тізімін назарларыңызға ұсынамыз.
Біріккен Ұлттар Ұйымы 2022 жылды Халықаралық қолдан балық аулау және акваөсіру жылы деп жариялады.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылы деп жариялады.
Бұл жыл Әзербайжан үшін “Шуша қаласының жылы”, Қазақстанда “Балалар жылы”, Ресейде “Халықтардың мәдени мұрасы жылы”, Өзбекстан үшін “Халық мүддесін қамтамасыз ету жылы”, Түрікменстанда “Аркадагпен халық бірлігі дәуірі” болып белгіленді.
Естеріңізге салайық, биыл Қазақстанда қандай атаулы күндер мен мерейтойлар жоспарланғаны туралы сайтта жарияладық.
2022 жылы өзге елдерде:
4 қаңтарда - Италияда президент сайлауы;
23 қаңтарда - Ливияда парламент сайлауы;
4-20 ақпанда - Қытай астанасында XXIV Қысқы олимпиада ойындары;
6 ақпанда - королева Елизавета II британдық монархтардың ішінде алғашқы болып Платиналық мерейтойын тойлайды;
Наурызда - Гонконгтың арнайы әкімшілігінің аймағында атқарушы билік басшысын сайлау;
4-10 сәуірде - Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен Еуропа чемпионаты;
10-24 сәуірде - Францияда президент сайлауы;
Сәуірде - Венгрияда парламент сайлауы;
13-29 мамырда - Финляндияда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты;
Қыркүйекте - Түркияның Бурса қаласында Дүниежүзі көшпенділер ойындары өтеді;
1-25 қараша - аралығында Өзбекстанда тәуелсіздік алғалы бірінші рет халық санағы жүргізіледі;
21 қараша - 18 желтоқсан - аралығында Катарда футболдан 22-әлем чемпионаты өтеді.
Сондай-ақ Қытайда билікті келесі – алтыншы буын басшыларына беру рәсімі өтеді. Беларусьте ел конституциясына түзетулерді қабылдау бойынша референдум өтеді деп күтілуде. Еуропалық ғарыш агенттігі Юпитердің серіктерін зерттеуге арналған JUICE ғарыш аппаратын ұшыруды жоспарлап отыр.