2021 жылы ҚТЖ-ға мемлекеттен 21 млрд теңге субсидия бөлінген

20 Мамыр 2022, 13:30
1284
Бөлісу:
2021 жылы ҚТЖ-ға мемлекеттен 21 млрд теңге субсидия бөлінген
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Жолаушылар тасымалына» өткен жылы мемлекеттен 21 млрд теңге субсидия бөлінген. 

Бұл туралы Алматыда өткен брифинг барысында мекеме басшылары мәлімдеді.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар вагондары паркін жыл сайын жаңартып келеді. 2010 жылдан бастап 2021 жылға дейін 1100-ден астам вагон сатып алынса, соның  600-ден астамы Тальго вагоны. Осы жылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ 73 жаңа вагон сатып алуды жоспарлап отыр екен.

2021 жылы ҚТЖ-ға мемлекеттен 21 млрд теңге субсидия бөлінген

Қабылданған шараларға қарамастан, жолаушылар вагондарының ескірген паркі «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның негізгі проблемаларының бірі болып қалуда. Ұлттық тасымалдаушыда 2000 вагон болса, соның 800-ден астамы – ескі үлгідегі, яғни, олардың пайдалану мерзімі 28-ден 44 жылға дейін. Қызмет ету мерзімі өткеннен кейін вагондар тіркелім паркінен шығарылады. Вагондар пайдалануының мерзімі – 28 жыл, бірақ оны ұзартқан кезде жолаушылар вагондары 44 жылға дейін жарамды бола алады, - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов.

Бас директор коронавирус пандемиясы жолаушылар тасымалына қатты әсер еткенін айтып өтті.

2021 жылы ҚТЖ-ға мемлекеттен 21 млрд теңге субсидия бөлінген

Пандемия кезінде халықаралық бағыттағы пойыздар тоқтап қалды, оған қоса жолаушылар саны да азайды. 2019 жылы 16 млн-дай жолаушы тасымалдасақ, 2020 жылы бұл көрсеткіш 8 млн-ға дейін түсті. Бұл әсіресе жұмысшылардың жалақысын төлеуге әсер етті. Қазір жолаушылар саны қайтадан көбейіп келеді. 2021 жылы 11 млн жолаушы тасымалдадық, биыл оны 15 млн-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Сонымен қатар ол әлеуметтік жолаушылар билеті мемлекетпен субсидияланып отырғанын жеткізді. Сол себепті пойыз билеттері көпшілікке қолжетімді. 2021 жылы бұл бағытта мемлекеттен 21 млрд теңге бөлініпті. Бұл қаражат мекеме шығынының 45%-ға жуығын жабады екен.

2021 жылы ҚТЖ-ға мемлекеттен 21 млрд теңге субсидия бөлінген
Өзгелердің жаңалығы