2021 жылғы қаңтар-қараша айларында бюджетке  9,6 трлн теңге салық түсті

22 Желтоқсан 2021, 13:27
1476
Бөлісу:
2021 жылғы қаңтар-қараша айларында бюджетке  9,6 трлн теңге салық түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтар-қараша айларында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспары 102,6% орындалды, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,8% немесе 2 155,6 млрд теңгеге өсті, деп хабарлады Кірістер комитеті.

Оның ішінде:

- Республикалық бюджет 100,8% орындалды (жоспар бойынша 6 353,1 млрд.теңге, 50,9 млрд теңгеге асыра орындаумен 6 404,0 млрд теңге түсті), өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33,0% немесе 1 590,6 млрд теңгеге өсті.

- Жергілікті бюджет 106,3% орындалды (жоспар бойынша 3 032,7 млрд.теңге, 191,0 млрд теңгеге асыра орындаумен 3 223,6 млрд теңге түсті) 2020 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,3% немесе 565,0 млрд теңгеге өсті.

2020 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда Республикалық бюджетке түсімдер өсімінің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпоративті табыс салығы бойынша 555,2 млрд теңгеге немесе 1,5 есе, экспорттық кеден баждары бойынша 463,6 млрд теңгеге немесе 2 есе, ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС бойынша 219,2 млрд теңгеге немесе 36,9%, пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша 144,3 млрд теңгеге немесе 47,7% және 3-ші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 125,6 млрд теңгеге немесе 21,6% байқалады, - делінген ақпаратта.

Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті.

Осы жылғы 11 ай ішінде өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға бағаның өсуі байқалады, оның ішінде мұнайға 70,9%, мысқа 54,1%, алюминийге 45,4%, мырышқа 33,4%, күміске 26,1%, қорғасынға 21,0% және алтынға 2,2%. Мұнайға салынатын әкету кедендік бажының мөлшерлемесі 66,3% өсті (2020 жылдың 11 айында 1 тоннаға орташа мөлшерлемесі – 37,7$, 2021 жылдың 11 айында 1 тоннаға – 62,7$).

Үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-қараша айларында 11,5% өсті (экспорт 23,0% өсті, импорт 8,5% төмендеді).

2021 жылғы 11 айында өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 58,5% өсті (82 223 млрд теңгеден 130 359 млрд теңгеге дейін).

ҚҚС түсімінің шамамен 32% құрайтын ірі салық төлеушілер бойынша өткізу бойынша айналымдар 11,1% өсті.

Көрсетілген кезең ішінде бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машинасынан орташа түсімі 11,5% өсті (41,1 млн. теңгеден 45,8 млн теңгеге дейін).

 

Өзгелердің жаңалығы