Еліміздің төрт өңірінде ескерту жарияланды

9 Ақпан 2021, 22:10
1214
Бөлісу:
Еліміздің төрт өңірінде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 10-11 ақпан күндеріндегі ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жариялады.

Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында қатты  жауын-шашынның болжануына байланысты сел түсуі және су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

10 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау қаласында түнде және таңертең оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Өзгелердің жаңалығы