2020 жылы кең жолақты интернетке 880 ауыл қосылады

4 Ақпан 2020, 10:38
2076
Бөлісу:
2020 жылы кең жолақты интернетке 880 ауыл қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы айтып берді. 

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы іске асқан кезде келесі нәтижелерге қол жеткіземіз. 2025 жылдан бастап жалпы ұлттық өнім 30 пайызға дейін өсім береді, 300 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады, цифрлық экожүйеге 67 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылады, халықтың 97 пайызы кең жолақты интернетпен қамтылады. Бұл жоспарлар әлемдік бенчмарк негізінде жасалған. Осы 5 бағыт бойынша мемлекеттік органдармен жұмыс жалғасып жатыр. Еліміздің барлық мектептері компьютермен жабдықталып, олардың 90 пайызы интернетке қосылған. Биылдан "Бағдарламалау негіздері" пәнін 1-ші сыныптан бастап енгіземіз, - деді Асқар Жұмағалиев. 

Оның айтуынша, "Цифрлық жібек жолы" бағытының негізгі міндеті –халықты сапалы интернетпен қамту. 
Қазіргі таңда 117 қала мен 200-ден астам халқы бар 3324 ауыл кең жолақты интернетпен қамтылған. Өткен екі жыл ішінде 481 ауыл қосылған еді. Осыған қоса Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G пилоттық жобалары іске асты. 2020 жылы кең жолақты интернетке 880 ауыл қосылады. Сондықтан осы жұмыстарды жеделдету үшін әкімдіктерді энергетика және жер мәселесін шешуге шақырамын, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы