2020 жылы карантин бұзудың 27 мыңнан астам фактісі анықталды

22 Қаңтар 2021, 11:17
1375
Бөлісу:
2020 жылы карантин бұзудың 27 мыңнан астам фактісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия, карантин шектеулерін енгізу және санитарлық талаптарды қатаңдату кезеңінде елдің денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері анықтаған құқық бұзушылықтар саны артты.

Бұл туралы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Денсаулық сақтау саласы бойынша барлығы 3,6 млрд теңге сомасына айыппұл салу туралы 37 мыңға жуық қаулы шығарылды. Оның ішінде құқық бұзушылар 3 млрд теңге төледі. Олардың ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарды бұзғаны үшін карантиндік іс-шараларды бұзумен байланысты құқық бұзушылықтар үшін 2020 жылы елде 2,2 млрд теңге сомасына айыппұл салу туралы 27 мың қаулы шығарылды. Оның ішінде 1,4 млрд теңге өндірілді, - делінген хабарламада. 

Осындай айыппұлдардың көпшілігі Түркістан облысында – 5 014, Алматы қаласында – 4775 және Шығыс Қазақстан облысында – 1 831 салынған.

Олардың ең аз саны Маңғыстау – 204, Павлодар – 523 және Жамбыл – 590 облыстарында тіркелген.

Маскалық режимді бұзғаны үшін 15 613 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласы (4 434), Түркістан (4 009) және Шығыс Қазақстан (1 126) облыстары көш бастап тұр.

Өзгелердің жаңалығы