2020 жылы елімізде жол құрылысы жақсы жүргізілді

11 Қаңтар 2021, 20:14
2343
Бөлісу:
2020 жылы елімізде жол құрылысы жақсы жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің автожол саласында 2020 жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Құрылыс, реконструкциялау және жөндеу жұмыстарымен республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың 9,8 мың шақырымы қамтылды. 

Мәселен, құрылыс және жаңарту жұмыстары 4 мың шақырым жолда жүргізілді. Атап айтсақ, «Қарағанды-Балқаш-Бұрылбайтал-Құрты», «Ақтөбе-Атырау-Астрахань», «Талдықорған-Өскемен», «Қалбатау-Майқапшағай», «Көкшетау-Петропавл-Корған», «Ұзынағаш-Отар», «Мерке-Бұрылбайтал», «Қостанай-Денисовка» және «Үшарал-Достық» жобалары.

Ал жөндеу жұмыстары 1,8 мың шақырым республикалық желіні қамтыды: күрделі жөндеу – 433 км, орташа жөндеу – 1 385 км. Жыл соңында 2,6 мың шақырым автожолда қозғалыс ашылып,  республикалық маңызы бар 1,1 мың шақырым тасжолда жөндеу жұмыстары аяқталды. Облыстық және аудандық маңызды жолдардың 4 мың шақырымы қамтылғанын да айтып өту қажет. Жұмыстар 2,7 мың шақырымында аяқталды. 

Бұдан бөлек, 2020 жылы автомобиль жолдарын өзін-өзі күтіп-ұстауға көшіру мақсатында 5,8 мың шақырым жолға ақы алу жүйесін орнату аяқталды. Сондай-ақ елдің бірқатар өңірінде қоғамдық тыңдаулар өткізілді.     

Жыл қорытындысы бойынша автожолдардың ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келетін жол бойындағы сервис нысандарымен қамтамасыз етілуі 58%-ға жеткізілді.

Атап өту керек, автожол жобаларын жүзеге асыру барысында 200 мың адам жұмылдырылды. 

Өзгелердің жаңалығы