2020-2022 жылғы трансферттер өңірлік экономиканы дамытуға бағытталған – ҰЭМ

27 Тамыз 2019, 15:05
1811
Бөлісу:
2020-2022 жылғы трансферттер өңірлік экономиканы дамытуға бағытталған – ҰЭМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 - 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» баяндама жасады.

Бұған қоса, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын таныстырды.

"Біріншіден, 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы Заң жобасы Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес, ағымдағы жылы 2017-2019 жылдарға арналған трансферттер туралы заңның қолданысы аяқталуына байланысты әзірленді. Жалпы сипаттағы трансферттер өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіруге және өңірлік экономиканы дамытуға, жергілікті атқарушы органдардың ынтасын арттыруға бағытталған. Трансферттердің көлемі Әдістемеге сәйкес есептелді", - деді Дәленов.

Министрдің айтуынша, екіншіден, Ұлттық қордан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы Заң жобасы Бюджет кодексінің 24-бабына сәйкес әзірленді.

"Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сәйкес республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті 2020 – 2021 жылдары 2 трлн 700 млрд теңге мөлшерінде, 2022 жылы 2 трлн 600 млрд теңгеге дейін төмендетумен айқындау ұсынылады. Кепілдендірілген трансферттің бұл мөлшері төмендетілмейтін қалдығы бойынша шектеуді орындайды", - деді Руслан Дәленов.

Өзгелердің жаңалығы