2018 жылы инвестициялардың көлемі 17% өсті – Берік Шолпанқұлов

6 Маусым 2019, 12:27
1690
Бөлісу:
2018 жылы инвестициялардың көлемі 17% өсті – Берік Шолпанқұлов
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы экономиканың негізгі салаларында оң өсу қарқыны сақталды. Оған экономиканы диверсификациялау, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», агро өнеркәсіп саласын дамыту мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру және ішкі тұтыну белсенділігін біртіндеп қалпына келтіру себеп болды.

 Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Берік Шолпанқұлов ҚР Парламенті Сенатының отырысында айтты. 

Оның айтуынша, негізгі капиталға салынатын инвестициялар да экономиканың өсуіне ықпал жасаған.

«2018 жылы инвестициялардың көлемі 17% өсті. Салалар арасында инвестициялардың елеулі өсуі өнеркәсіпте 27%, құрылыста 21%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда 20%, ауыл шаруашылығында 14% өсу байқалады. Нәтижесінде жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 1,1% құрады», - деді ол.

Сөз арасында ол осындай макроэкономикалық жағдайда атқарылған республикалық бюджет келесі көрсеткіштермен сипатталғанын жеткізді.

«Кірістер – 2,3% артығымен орындалды, бюджетке 5,8 трлн теңге түсті. Салықтар 2017 жылмен салыстырғанда 17,5% өсті немесе бюджетке қосымша 846 млрд теңгеге көп түсті. Шығыстардың атқарылуы 99,8% немесе 9,6 трлн теңгені құрады. Республикалық әлеуметтік шығыстардың үлесі 44% құрады. Бюджет тапшылығы 729 млрд теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл жоспардан 17,5% төмен немесе ЖІӨ шаққанда 1,2% құрады», - деді комитет төрағасы.

Сондай-ақ, ол салық салынатын базаны кеңейту, артық төлемнің өсуі және аванстық төлемдерді болдырмау сынды жүйелік мәселелер қолға алынғанын айтты. 

«Салық түсімдерін ұлғайтуда басты рол салықтық кеден әкімшілендіру рәсімдерін цифрландыруға бағытталған. Цифрландырудың басты мақсаты – тауарлардың импортынан бастап, олардың тұтынушыға сатуға дейінгі қозғалысқа үздіксіз мониторниг жасау. Тауарлар қозғалысын онлайн мониторниг жасап отыру салық түсімдер көлемін ұлғайту және көлеңкелі экономиканы төмендетуге мүмкіндік береді. Осы жүйелердің жұмыс нәтижесінде бюджетке 18,6% жоғары салық түсті», - деді Б. Шолпанқұлов.

Өзгелердің жаңалығы