2018 жылы «Бәйтерек» монументін жарты миллионнан аса адам тамашалаған

8 Қаңтар 2019, 17:23
2154
Бөлісу:
2018 жылы «Бәйтерек» монументін жарты миллионнан аса адам тамашалаған

Астана, baq.kz. «Астана-Бәйтерек» монументі Қазақстанның елордасының символы әрі қаланың көрікті орындарының бірі болып табылады. Қаланың сол жағалауын жоғарыдан тамашалауға ниет білдірген Астана қонақтары мен туристер аталмыш нысанға барады. Бұл туралы Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы хабарлады.

Ресми мәліметтере сүйенсек, 2018 жылы «Бәйтерек» монументіне экскурсияға 584465 адам қатысқан. Нысанды тамашалауға келген халық саны, әсіресе, жаз айларында күрт артты. Шілде айында 106902 келуші тіркелген. Тамызда «Бәйтеректі» 97 мыңға жуық қонақ көрсе, маусымда бұл көрсеткіш – 78 мыңнан асқан. Бұдан басқа, 2000 аса адам нысанға 150 ресми делегацияның құрамында барған.

«Бәйтерек» монументі 2002 жылы салынды. Құрылыстың биіктігі - 100 метр, конструкцияның басындағы шармен қоса алғанда – 105 метр. Шардың диаметрі  – 22 метр.

Айта кетейік, елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде монументке келушілер саны рекордты көрсеткішке жеткен. Жарты жылдың ішінде, 2017 жылдың мамыр-желтоқсан айларында монументті 500 мыңнан аса адам тамашалаған.

Өзгелердің жаңалығы