2018 жылы 2,5 мыңдай алматылық бизнес-мектепте білім алған

10 Қаңтар 2019, 11:28
1381
Бөлісу:
2018 жылы 2,5 мыңдай алматылық бизнес-мектепте білім алған

Алматы, Baq.kz, тілшісі. 2018 жылы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған тегін курстарға 2737 адам қатысқан. 

Кәсіпкер болғысы келетіндерге арналған «Бизнес кеңесші» интенсивті курсында бизнес негіздері мен базалық білім беріледі. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған бұл курсқа қатысушылар  арнайы жеңілдігі бар сертификаттарға ие болған. Яғни қандайда бір несие немесе грант аларда осындай сертификаты бар адамға артықшылық беріледі екен. 
«Кәсіпкерлік бойынша білімін жетілдіргісі келетіндер «Бизнес-өсім» курсына қатыса алады. Онда барлық ресурсты тиімді пайдалану бойынша тереңдетілген білім беріледі. Мәселен, уақыт, қаржы, кадр мәселесін тиімді пайдалану, тауардың сапасын арттыру және өзіндік құнын төмендету бойынша білімін жетілдіре алады. Бұл курсқа өткен жылы 190 адам қатысты», -дейді Алматы қаласы Кәсіпкерер палатасының кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Ержан Қапанов.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Бизнес-мектептің» кез келген курсына жазылуға болады, сондай-ақ олар қазақ және орыс тілдерінде де жүргізіледі.
«Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының менеджерлері мен кеңесшілерінің қызметін онлайн және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында, «Tech Garden» IT –кварталында,  «OpenAlmaty» Алматы дамыту орталығында, «SmArt.Point.» коворкинг-алаңында және «Салем» мен «Мизам» базарларынан алуға болады», -дейді Е. Қапанов.
Өзгелердің жаңалығы