200-ден астам қару ерікті түрде тапсырылды – ІІМ өкілі

18 Шілде 2022, 16:38
1408
Бөлісу:
200-ден астам қару ерікті түрде тапсырылды – ІІМ өкілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев мәлімдеді. 

Жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмысының нәтижесінде азаматтармен ерікті түрде тапсырылған қарудың саны 212 бірлікке дейін жетті. Бұл азаматтардың ешқайсысы қылмыстық немесе басқа да жауапкершілікке тартылған жоқ. Өкінішке қарай, заңсыз айналымдағы ұрланған қарудың саны әлі көп. Барлығы 2098 бірлік, оның ішінде 1285 азаматтық қару және 813 қызметтік табельдік қару бар, - деп атап өтті Тергеу департаменті бастығының орынбасары. 

Айтуынша, осы бағыт бойынша және елімізде заңдылықпен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша Ішкі істер органдары қажетті жұмысты жалғастыруда.

Сондай-ақ Қаңтар оқиғасының барысында зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынның өтелуін қамтамасыз етуге барлық күш салынуда. Қаңтар оқиғаларына қатысты кез келген ақпаратты ішкі істер органдарына хабарлауға, қару тапқан жағдайда оны өз еркімен тапсыруға шақырамыз, - деді Мұхтар Қожаев. 

Өзгелердің жаңалығы