20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

20 Желтоқсан 2019, 08:10
2064
Бөлісу:
20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы атлантикалық циклонның онымен байланысты атмосфералық фронттармен байланысты болады. Соған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста қатты жел 30 м/с және одан жоғары күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының кей жерінде түнде жел 15-20, күндіз 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.


Өзгелердің жаңалығы