20 тамыз «АрселорМиттал Теміртауда» қаралы күн жарияланды

20 Тамыз 2023, 05:21
932
Бөлісу:
20 тамыз «АрселорМиттал Теміртауда»  қаралы күн жарияланды

20 тамыз күні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ компания сайтына сілтеме жасап.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның бас директоры Владимир Яблонский қаза болған әріптес-кеншілердің отбасылары, туған-туыстары мен жақындарына ұжым атынан көңіл айтып, 20 тамыз күні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қаралы күн болып жарияланғанын мәлім етті, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Шахтада 227 адам болған, 222 адам эвакуацияланды. Сегіз адам зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кеткен болатын. Кеше кешкісін бір адамның денесі табылып, кім екені анықталған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ депутаттар Арселор Миттал басшылығын жауапқа тартуды талап еткен болатын.

Қазіргі уақытта қалған 1 адамды іздестіру жалғасып жатыр. Сонымен қатар дәрігерлер ауруханаға түскен шахтерлердің жағдайы туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы