Астана, BAQ.KZ. Ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі жандар Елбасының жаңа бастамаларымен танысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезіндегі бастамаларын түсіндіру бойынша арнайы мамандар мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті. Көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, жаңа жеңілдіктермен таныстырды. Ақтөбе облысы бойынша болжаммен 29 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады деп күтілуде.
«Атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған және көп балалаы отбасыларға табыстары есебіне көптеген жәрдемақылар кірмейді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға және көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақылар, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері алып отырған жәрдемақылар табыс есебіне кірмейді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып отырған отбасыларға жәрдемақы 30 пайызға көбейеді», — дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Динара Достанова.
Өңірде мемлекеттік жәрдемақы алып отырған 5 мыңнан астам отбасы бар.