20 күнде 36 адам суға кеткен. ТЖМ адамдар қандай жағдайда қаза болғанын түсіндірді

21 Маусым 2022, 12:21
1373
Бөлісу:
20 күнде 36 адам суға кеткен. ТЖМ адамдар қандай жағдайда қаза болғанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

1 маусымнан осы күнге дейін 15 адам құтқарылды. Оның ішінде біреуі - бала. Қайғылы оқиғалар да жоқ емес. Судағы қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтамау қағидаларынан 81 адам қаза тапты. Оның 32-сі бала. 2021 жылдың осындай кезеңінде 125 адам суға кетсе, оның 64-і бала болатын. Адамдардың қаза болуы 35 пайызға, баланың қаза болуы 2 есе азайды. Бірақ әрбір статистика артында адам өмірі мен отбасы қайғысы тұр, - деді Сыздықов. 

Ол атағандай, шомылу маусымы басталғалы бері, небәрі 20 күн ішінде 36 адам суға кеткен. Оның ішінде 19-ы бала болған. 

Қаза болудың негізгі себептері – жабдықталмаған жерлерде жүзу мен балаларды қараусыз қалдыру. Су айдынына абайсыз құлаудан 32 адам, жүзе алмаудан 18 адам, мас күйінде шомылудан 11 адам, балық аулау кезінде ереже бұзудан 10 адам, өз күшін жете бағаламаудан 9 адам, жүзу құралын дұрыс пайдаланбағаннан 1 адам суға кетіп отыр, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы