20 градус аязда Теміртау тұрғындары жылусыз қалды

27 Ақпан 2021, 17:03
1430
Бөлісу:
20 градус аязда Теміртау тұрғындары жылусыз қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімдігінің мәліметінше, ЖЭО-да ірі апат орын алып, 5 қазандықтың үшеуі істен шыққан.

Теміртауда мыңнан астам көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды. Қала әкімдігінің мәліметінше, ЖЭО-да ірі апат орын алып, бес қазандықтың үшеуі істен шыққан. Мыңнан астам үй 20 градус аязда жылусыз қалды.

Жергілікті тұрғындар Теміртаудың жылу мәселесіне көп жыл толғанына шағымданған еді. Маусым бойына бұл үйлердегі жылумен жабдықтау өшірілген бірінші жағдай емес.

Қаланы толыққанды жылыту үшін қажетті бес қазандықтың үшеуі бірден істен шықты. Қазіргі жағдай үшін компания шын жүректен кешірім сұрайды. Компания осындай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін барлық күш-жігерін салады, - деп түсіндірді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да.

Олардың мәліметінше, 26 ақпанда қажетті жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жақын арада жылумен жабдықтауды толық қамтамасыз ету үшін қажетті бес қазандық берілген параметрлерге сай жұмыс істейтін болады.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Теміртаудағы жағдайға қатысты кеңесте жағдайға түсініктеме берді. Ол бірнеше мемлекеттік орган «АрселорМиттал Теміртау» ЖЭО-2 жұмысын бірден тексеретінін мәлімдеді.

Шынында да, кеше және бүгін Теміртауда жылыту жағдайы оңай болған жоқ. Тұрғындарға шыдамдылығы үшін алғыс айтамыз. «АМТ» және ЖЭО басшылығы мұндай оқиғаға жол берді. Қалаға тексеру жүргізу үшін облыс прокуратурасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, энергонадзор жіберіледі, - деді Жеңіс Қасымбек.

Ол сондай-ақ ЖЭО-да жаңа, 7-қазандықтың құрылысын аяқтауды жеделдетуді талап етті.

Өзгелердің жаңалығы