2 сәуірге арналған ауа райы болжамы

2 Сәуір 2019, 08:15
2086
Бөлісу:
2 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын болады, кей жерде қатты жаңбыр жауады, тек республиканың шығысында жауын-шашын болмайды.

Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Атырау облысының кей жерінде тұман, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Павлодар облысының түнде кей жерінде тұман болады.

Күндіз Батыс Қазақстан, түнде  Алматы, Ақмола облысының кей жерінде жел 15-20 м/с болады.

Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы