2 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдар уақытша жабылды

3 Наурыз 2023, 13:23
1335
Бөлісу:
2 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдар уақытша жабылды
Фото: Azattyq Ruhy

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазавтожолға сілтеме жасап. 

Абай облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығында және «Өскемен-Семей» тасжолының Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында және «Өскемен-Семей» тасжолының Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Өзгелердің жаңалығы