2 наурызға арналған ауа райы болжамы

2 Наурыз 2023, 07:15
1318
Бөлісу:
2 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: almaty.tv

Қазгидромет 2 наурызда болатын ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжманыша, атлантикалық циклон жырасының әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ күтіледі.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында – жаяу бұрқасын күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-шығысында атмосфералық жоғары қысым аумағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

Қазақстан бойынша желдің күшеюі, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы