2 млн теңге пара алды. "Қазпошта" АҚ филиалы директорының орынбасары ұсталды

27 Қаңтар 2023, 11:41
669
Бөлісу:
2 млн теңге пара алды. "Қазпошта" АҚ филиалы директорының орынбасары ұсталды

"Қазпошта" АҚ филиалы директордың орынбасары ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазпошта" АҚ ішкі қауіпсіздік қызметінің көмегімен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша "Қазпошта" АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары ұсталып, қамауға алынды, - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Ол мердігер ұйым өкілінен орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 2 000 000 теңге сомасында пара алды деп күдікке ілінді.

Күдіктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы