2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

2 Қараша 2019, 07:34
1560
Бөлісу:
2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбіде Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады,деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Кей жерде  жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын жауады. Кей жерде жел күшейеді, тұман күтіледі, оңтүстік-батыста және сотүстікте-көктайғақ, солтүстікте-жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыста-найзағай күтіледі.   

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу-бұрқасын күтіледі, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей жерде екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді. Кей жерде Шығыс Қазақстан, Қостанай, түнде Павлодар, Ақмола, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерде Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 17-22 м/с күшейеді. Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерінде найзағай күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы