2 ақпан - Қазақ баспасөзінің күні болып белгіленді

27 Маусым 2023, 18:00
1112
Бөлісу:
2 ақпан - Қазақ баспасөзінің күні болып белгіленді
Фото: АҚДМ баспасөз қызметі

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» көрмесінің ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Egemen.kz газетіне сілтеме жасап.

Сүйінші бір жаңалығымызды айтқым келіп отыр. Біз қыс мезгілінде «Қазақ» газетінің дүниеге келген 2 ақпан күнін Қазақ баспасөзінің күні деп жариялау туралы бастама көтерген едік. Сол ұсыныс қабылданды. Журналистер күні аясында жариялануы керек. Бұдан былай 2 ақпан – Қазақ баспасөзінің күні болады. Біздің жүріп өткен жолымыз бізді болашаққа апаратын жол, - деді Дархан Қыдырәлі.

Өзгелердің жаңалығы