1995 жылғы референдумға 8 млн-нан астам адам қатысқан

21 Мамыр 2022, 14:36
1366
Бөлісу:
1995 жылғы референдумға 8 млн-нан астам адам қатысқан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов «Желмая» жобасында айтты.

Жоба барысында Нұрмұханов елімізде референдум 1995 жылдан бері өткізілмегенін атап өтті.

Алдыңғы 3 реформа Парламент арқылы жүргізілді. Парламент те халықтың өкілі. Мемлекет басшысы осы жолы референдумға шығарды, яғни болашақтағы өзгерістерді, осы құжаттың тағдырын  халық өзі шешсе деп отыр. 1995 жылғы Констиутциялық референдумға 8 миллионнан астам адам қатысты, соның 90 пайызы қолдап, дауыс берді. Қазір сайлау құқығына ие 11 млн-нан астам адам бар екен, референдум өтті деп саналу үшін солардың жартысынан көбі қатысуы керек және дауыс берсе заң жобасы қабылданды деп есептеледі,-деді ол.

Сонымен қатар ол дауыс берушілер саны көп болады деген ойын айтты.

Азаматтар мемлекеттік билікті атқаруға қатысуға беріліп отырған  мүмкіндіктерді, өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында беріліп отырған мүмкіндіктердің мәнін терең түсіне отырып, референдумға белсене қатысады деп ойлаймын,-дейді аппарат жетекшісі.

Сондай-ақ ол осы жолғы Конституциялық жобада үлкен өзгерістер барын, оның ішінде  суперпрезиденттік басқару нысанынан классикалық түрдегі президенттік басқару жүйесіне көшу қарастырылып жатқанын атап өтті.

Тәуелсіздіктің басында күшті президенттік билік қажет болды. Өйткені мемелкет жаңадан құрылды, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару» керек болды. Барлық процестер президенттің аясында өрбіді. Ендігі өзгерістер қалай жүзеге асады? Біріншіден, президент саяси партиядағы мүшелігін тоқтатты. Келесі сатыда бүкіл әкімдер, олардың орынбасарлары да саяси партиядан шығады. Бұдан кейін саяси партиялар арасындағы бәсекелестік тереңдейді. Келешекте Мәжілісте, мәслихаттарда өзге партияның мүшелерін кеңінен көруге болады,-деді Бақыт Нұрмұханов.
 

Өзгелердің жаңалығы