1945 жылы 30 сәуірде Қошқарбаев пен Булатов Рейхстагқа ту тікті

1 Мамыр 2021, 09:55
4790
Бөлісу:
1945 жылы 30 сәуірде Қошқарбаев пен Булатов Рейхстагқа ту тікті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

1945 жылы 30 сәуірде Рейхстаг ғимаратына шабуыл басталды. Сөйтіп 150-атқыштар дивизиясы 674-атқыштар полкінің жауынгерлері Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов ғимаратқа алғашқы Қызыл туды тікті.

Берлинің дәл ортасында орналасқан Рейхстаг гитлерлік Германияның ең маңызды символдарының бірі еді. Жау әскері қорғанысқа егжей-тегжейлі дайындалды. Оны қорғау үшін Германияның ең мықты деген күзет отрядтары мен іріктелген әскери бөлімшелері жұмылдырылды. 20 жастағы лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен 19 жастағы қызыл әскер жауынгері Григорий Булатов - Рейхстагқа алғаш көтерілген батырлардың бірі. Жауынгерлерде қолдан жасалған Ту ғана, яғни ал қызыл түсті мата байланған тутұғыр болды. 150-дивизия әскерлерінің жауынгерлік іс-қимылдары алгоритміне сәйкес олар 14:25-те ғимараттың ортаңғы бөлігіне жер бауырлап жетіп, басты кіреберіске Қызыл туды орнатты. Бұл азат етуші жауынгерлердің Рейхстагқа тіккен алғашқы туларының бірі болды, - делінген ведомство хабарламасында.
1945 жылы 30 сәуірде Қошқарбаев пен Булатов Рейхстагқа ту тікті

Министрліктің хабарлауынша, Рейхстагта желбіреп тұрған ту біздің жауынгерлерге ерекше күш-қуат берді. 

Осылайша 30 сәуірдің кешінде 674 және 756-полктің негізгі күштері гитлерліктерге төтеп беріп, ғимарат ішіне басып кірді. Түннің ортасында лейтенант Берест, сержант Кантария және қызыл әскер жауынгері Егоров неміс снайперлерінің жаудыртқан оғына қарамастан жаудың ұясына сол бір Жеңіс туын тіккен еді. Рейхстагтың ішіндегі шайқас 2 мамырға дейін созылды, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
1945 жылы 30 сәуірде Қошқарбаев пен Булатов Рейхстагқа ту тікті

Рейхстагты басып алуда көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Қызыл ту ордендерімен наградталды. 

1945 жылы 30 сәуірде Қошқарбаев пен Булатов Рейхстагқа ту тікті

Қошқарбаевтың туған жеріне, яғни Қазақстанның Ақмола облысында және ел астанасында батырға арнап ескерткіш қойылды, ал Булатовтың ескерткіші Киров қаласында бой көтерді.  

1945 жылы 30 сәуірде Қошқарбаев пен Булатов Рейхстагқа ту тікті

Өзгелердің жаңалығы