Қазақстанда 18 шілдеден 19 шілдеге қараған түні eGov порталы мен бірқатар мемлекеттік электрондық сервис уақытша жұмысын тоқтатады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлады.
Компанияның мәліметінше, жоспарлы техникалық жұмыстар 18 шілде сағат 21:00-ден 19 шілде сағат 08:00-ге дейін жүргізіледі. Осы аралықта мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен онлайн қызметтер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ техникалық жұмыстар цифрлық сервистердің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыру үшін жүргізілетінін атап өтті.
Қазақстандықтарға ықтимал қолайсыздықтардың алдын алу үшін қажетті операцияларды алдын ала аяқтап, мемлекеттік қызметтерді техникалық жұмыстар басталғанға дейін алып үлгеру ұсынылды.