183 млрд теңге. Ақтөбе облысында 5 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр

4 Тамыз 2023, 19:08
671
Бөлісу:
183 млрд теңге. Ақтөбе облысында 5 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ералы Тоғжанов Ақтөбедегі машина жасау кәсіпорындарының қызметімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Акватория-Ақтөбе» ЖШС және «№406 АА Авиажөндеу зауыты» АҚ машина жасау кәсіпорындарының қызметімен танысты.

«Акватория-Ақтөбе» серіктестігінде өңір басшысы биылңы жылы іске қосылған шыны пластик ыдыстарды дайындайтын үшінші цехты қарап шықты. Жобаға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі - 2 млрд теңге. Экспортқа бағдарланған өндірістің қуаты - жылына 300 сыйымдылық.

Авиажөндеу зауыты 1939 жылы құрылған. Кәсіпорын көптеген жылдар бойы күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету, АН-2 ұшақтарының, Ми-2 тікұшақтарының құрамдас бұйымдарын жөндеуге

Авиажөндеу зауыты 1939 жылы салынған. Кәсіпорын күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету, модификациялау мен жетілдіру, Ан-2 ұшақтарының, Ми-2 тікұшақтарының құрамдас бөліктерін жөндеу жұмыстарымен айналысады. Алайда, жыл сайын тапсырыстар саны азаюда, - деп хабарлады зауыт директоры Нұрлан Қожаев.

Осыған байланысты өндірісті әртараптандыруға шаралар қабылдануда.

Зауытты аралаған Ералы Тоғжанов ұжыммен әңгімелесті. Қызметтер тізбесін кеңейту, техника мен агрегаттардың жаңа түрлерін өндіруді игерудің нақты перспективалары талқыланды.

Облыс әкімі кәсіпорын қажетті қолдауға ие болатынына, өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылатынына сендірді.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының машина жасау саласында 18 кәсіпорын жұмыс істейді.

«№406 АА Авиажөндеу зауыты» және «Акватория-Ақтөбе» ЖШС - осы саладағы негізгі өндірістердің қатарында. Машина жасау саласын одан әрі дамыту мақсатында өңірде жалпы құны 183 млрд теңге болатын бес инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. 
 

Өзгелердің жаңалығы