180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты

6 Мамыр 2024, 14:40
284
Бөлісу:
180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі оған 180 мыңнан астам мектеп түлегі қатысып, 50 мыңнан астам көшет екті деп хабарлады.

Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында «Ынтымақ айы» айлығы жарияланды. Оның аясында «Таза Қазақстан», «Игі істер», «Каникулда кітап оқиық» және басқа да бірқатар республикалық акциялар ұйымдастырылады.

180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты

Бұл бастама өскелең ұрпақты қайырымды істерге баулуға, олардың бойында қоршаған ортаға деген қамқорлық пен экологиялық мәдениеттілік қалыптастыруға бағытталған.

Бұл күні оқушылардың жанынан табылып, олармен бірге тал отырғызуға қатысқан министр елімізді көгалдандыру мен абаттандырудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты

Экологиялық мәдениет өз үйіңнің, ауланың, көшенің, мектеп пен туған қалаңның тазалығын сақтаудан басталады. Біз туған жерімізге қамқорлық танытуымыз керек. Бүгін сіздер отырғызған жас көшет, ертеңгі күні осы мектептің оқушыларымен бірге жайқалып өсетін болады. Алайда, ол үшін көшеттерге қамқорлықпен күтім жасау керек. Осылайша біз кейінгі ұрпаққа өзіміз туралы естелік қалдырамыз, - деді Ғани Бейсембаев.

180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты

Ағаш отырғызу эко-челленджі дәстүрлі шараға айналды. Барлық білім беру ұйымдарында биыл екінші жыл ол үзбей өткізіліп келеді. 

Осыдан бір апта бұрын алматылық оқушылар министрмен бірге өз қалаларында төрт жүзден астам жеміс ағаштарын отырғызған болатын.

180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты
180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты
180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты
180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты
180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты
180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты
180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты
Өзгелердің жаңалығы