180 елдің мемлекеттік туын ажырата білетін 6 жасар оқушы

19 Қаңтар 2023, 10:40
861
Бөлісу:
180 елдің мемлекеттік туын ажырата білетін 6 жасар оқушы

Әлемнің 180 елінің мемлекеттік туын жатқа білетін Астана қаласындағы мектептердің бірінің оқушысы 6 жасар Ерген Дүйсенбек Оқу-ағарту министрлігінде болып, еліміздің бас ұстазы Ғани Бейсембаевпен кездесті,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуге Ерген өзінің тулар жинағын әкеліп, білімділігін көрсетті. Сондай-ақ, ол осы елдердің барлығына баруды армандайтынын айтты. 

Мен әлемнің барлық мемлекетінің туын білемін, бірақ соның ішіндегі ең әдемісі – біздің елдің Туы. Мен есейгенде атақты адам болып, көк байрағымызды бүкіл әлемге танытып, көкке көтергім келеді, – деді 6 жасар Ерген Дүйсенбек. 

Ергеннің анасының айтуынша, баланың туларға деген қызығушылығы 2-3 жасында пайда болған. Дәл осы сәттен бастап Ерген әлем елдерінің туларын жинай бастаған. 

Енді балақай елтаңбаларға қызығушылық танытып, туған күніне ата-анасынан оған Қазақстанның Елтаңбасын сыйлауды өтінген.

Өзгелердің жаңалығы