18 секундта не істеп үлгеруге болады: 18 секундта тіркелген рекордтар

6 Ақпан 2023, 15:01
2121
Бөлісу:
18 секундта не істеп үлгеруге болады: 18 секундта тіркелген рекордтар

18 секундта не істеп үлгеруге болады? Бүгін осы аз ғана уақыт ішінде орнатылған рекордтар туралы айтамыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін өздеріңіз білетіндей, елімізде автонесиелеу басталды. Өтініштерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де арнайы autonesie.kz сайтында жүргізілді. 

Автонесиелеу. 18 секундта 761 өтініш

761 қазақстандық өз өтінімдерін платформа жұмысының басталуынан бастап алғашқы 18 секундта сағат 10:00-де тіркеді. Бірінші минутта сайтта 125 мың адам отырды, - деді Өнеркәсіпті дамыту қорында (ӨДҚ).

Өтінімдерді қабылдау лимиті біткеннен кейін, өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылған. Қорда «өтінім беру» функциясы белсенді болмағаны атап өтті.

18 секундта 25 сөз

Бразилиялық Марсель Фернандес sms теру жылдамдығы үшін Гиннестің рекордтар кітабына енген. 16 жастағы бразилиялық жасөспірім 18,19 секундта 25 сөзден тұратын SMS жазды.

2014 жылы Нью-Йоркте өткен жарыста ол мына сөздерді жазып үлгерген.

The razor-toothed piranhas of the genera Serrasalmus and Pygocentrus are the most ferocious freshwater fish in the world. In reality they seldom attack a human.

18 секундта 2 литр газдалған сусын 

Америкалық Эрик Букер екі литр газдалған сусынды небәрі 18,45 секундта ішіп, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Рекордтардың ресми сайтында Эрик 2 000 мл (2 литр) өлшеуіш шыныаяқты сусынға толтырып, 18,45 секундта 2 литр газдалған суды ішкен видео жарияланды. 

18 секундта орнатылған «бір түрлі» рекорд

Гиннестің рекордтар кітабына 2012 жылдың 8 маусымында Нью-Йоркте ең ұзақ кекіру тіркелді. Бұл рекорд ұзақ кекіру чемпионатында тіркелді. Жеңімпаз 35 жастағы Тим Янус болды. Ол 18,1 секунд ішінде газды кекіре алды.

18 секундтан 15 секундқа дейін. Төрт аяқпен жүгіру рекорды орнатылды

Төрт аяғымен 100 метрге жүгіретін адам үшін Гиннестің әлемдік рекорды 2008 жылы 18,58 секундтан (жазбаны қадағалаудың бірінші жылы) 2015 жылы 15,71 секундқа дейін жақсарды. Зерттеушілер осы сандарға сүйене отырып, 2048 жылға қарай төрт аяқты адам тіке жүгіретін адамға қарағанда жылдамырақ қозғала алады деген қорытындыға келді.

Өзгелердің жаңалығы